Астана мен Жезқазған арасында ұшақ қатынайтын болды

QAZAQ AIR әуе компаниясы Астана-Жезқазған бағыты бойынша жаңа тұрақты рейс ашады. Бұл жайында аталған компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылдың 19 тамызынан бастап әрбір сенбі күні Астана тұрғындары мен қонақтары Қазақстанның «мыс астанасына» жайлы Bombardier Q400 NextGen лайнерімен саяхат жасай алады. Ұзақтығы 55 минутты құрайтын «Астана-Жезқазған бағытында ұшу құны алымдарды қоса алғанда 13366 теңгеден, ал Жезқазғаннан елордаға билеттер барлық алымдарды есептегенде 13662 теңгеден басталады», – делінген хабарламада.
Таратылған хабарламада Жезқазғаннан Астанаға келіп, Алматы рейсіне міну үшін барынша ыңғайлы жағдай жасалатындығы айтылған. Мұндай билеттердің құны барлық алымдарды есептегенде 20 878 теңгеден, ал оңтүстік астанадан елорда арқылы Жезқазғанға жету 20207 теңгеден басталатын болады. «Біз Қазақстанның ірі өнеркәсіптік қаласына баратын елордалық тұрғындар үшін, сонымен қатар Астана мен Алматыға саяхаттайтын жезқазғандықтар үшін осы бағдардың тиімді боларына сенімдіміз», — деді QAZAQ AIR компаниясының коммерциялық директоры Әдел Дәулетбек.

Комментарии закрыты.