Металлургтер мен байытушыларға арналды

Туған жердің қойнауындағы кенді өңдеп, жалындаған оттың арасында жүріп мыс балқытқан металлургтер мен байытушылардың ел экономикасының қарыштап дамуына қосып отырған үлестерінің орны бөлек.

Өткен аптаның соңында барша металлургтер өздерінің мерекелерін атап өтті. Осыған орай, қалалық әкімдік пен «Қазақмыс» корпорациясы басшылығының қолдауымен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі сенбі күні Кеншілер алаңында металлургтер мен байытушылардың құрметіне мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Кешкілік өткен концертте Ж.Омарова, Б.Жаналина, Ж.Сәрсенбеков, жас әншілер М.Еркебеков, Р.Такашов және т.б әннен шашу шашса, «Денс-лайф», «Маюри-Девдас» бишілер тобы мың бұрала би билеп, өнерлерін көрсетті.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңындағы төл мереке отшашумен аяқталды.

Б.Қазкенов.

Комментарии закрыты.