Алғыстан басқа айтарымыз жоқ

Қайырымдылық – адамгершілік белгісі. Бұл ерекше қасиет. Өйткені, қамқорсызға қамқор, панасызға пана болу, жан жылуын беру екінің бірінің қолынан келе бермейтін асыл қасиеттер…

Сол асыл қасиеттердің бірі – жомарттық, кеңпейілділік. Бұлар бүгінде өзінің өміршеңдігін жоғалтқан жоқ. Олай дейтінім, адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жандар арамызда аз емес. Солардың қатарына қалалық әкімшілік пен қалалық білім бөлімінің қызметкерлерін, немерелерім оқитын №16 мектептің ұстаздар қауымын жатқызар едім. Себебі олардың ата-аналарынан айырылған балалар мен аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың балаларына жасап отырған қамқорлықтары шексіз. Соның арқасында, балаларымыз жазғы демалыста еліміздің түпкір-түпкіріндегі демалыс лагерлерінде болып, «ЭКСПО-2017» көрмесіне саяхаттап қайтты. Осындай үлкен істерге ұйытқы болып отырған жандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Комментарии закрыты.