Мемлекеттік қолдау комақты болмақ

Жуырда Жезқазған қаласының әкімдігінде «Өнімділік – 2020» мемлекеттік бағдарламасы туралы семинар-кездесу өтті. Онда «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-ы қолдау құралдары орталығының директоры Раушан Еділбаева баяндама жасап, кәсіпкерлерге бизнес құрылымдарын мемлекеттік қолдаудың жай-жапсарын түсіндірді, деп хабарлайды Жезқазған қаласы әкімінің баспасөз орталығы.

– Бағдарлама аясында бірнеше қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп нысандарына қолдау көрсетіледі. Олардың ішінде агроөнеркәсіптік кешен, тау-кен, жеңіл және ағаш өңдеу, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп, құрылыс материалдарын шығару, машина жасау, металлургия және металл өңдеу, көлік және қойма қызметі, ақпарат және байланыс сынды бірқатар маңызды салалар бар, – дейді Раушан Еділбаева.
Орталық директорының айтуынша, институт қазіргі таңда түрлі кәсіпорындардың индустриялық-инновациялық жобаларының кешенді жоспарын әзірлеу мен сараптамасының, кәсіпорын құзыреттілігін арттыру, технологиялық процесстерді жетілдіру, өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру шығындарын өтеуге қаржылық қолдау көрсететін көрінеді.
Жиын барысында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған жобалар бойынша маманға сауалдарын қойып, мемлекеттік бағдарламаның жай-жапсарын нақтылады.

Комментарии закрыты.