«Сарыарқа – дала өркениетінің алтын бесігі»

Сәрсенбі күні Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Сарыарқа – дала өркениетінің алтын бесігі» атты ауқымды шара өтті.

Өлкеміздің тарихын зерттеумен айналысқан археологтармен кездесу мақсатындағы шараға А.Х.Марғұлан атындағы Археология Институтының археологтары, институттың жетекші ғылыми қызметкері – Антонина Ермолаева, тарих ғылымдарының кандидаты – Ольга Артюхова, аға ғылыми қызметкер, Phd доктор – Альбина Ержанова арнайы келіп қатысты.

Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық мақаласында айтқандай, әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Музей ұжымы осы мақсатта жастардың санасында ұлттық патриотизмді насихаттауда басты рөл атқаратын мектептердің басшылары мен тарих пәнінің мұғалімдерін де іс-шараға арнайы шақырды.

Шара барысында қонақтар назарына «Сарыарқаның көне жолдары» атты көрмесі мен «Қасиетті Қазақстан» бейнефильмі ұсынылды.
Кездесуді музей басшысы Раушан Қапарова мен музейдің аға ғылыми қызметкері Бекзат Балтабеков жүргізіп отырды.

Е.Қамалиев,
музейдің аға ғылыми қызметкері.

Комментарии закрыты.