Аналар кеңесі кеңесті

Сәтбаев қаласы әкімдігі жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысын оның төрайымы Марал Мәдиева ашып, жүргізді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге орай, әртүрлі себептермен Кеңес құрамынан шығып кеткендердің орны басқа мүшелермен толықты. Олардың орнына қалалық мәслихаттың депутаты, ұлттық-мәдени орталықтардың, шағын және орта бизнестің өкілдері енгізілді. Жаңа құрамды таныстырған төрайым жыл аяғына дейінгі жоспарларды ортаға салып, осы жобаларды бірігіп жүзеге асыруға шақырды.
Аналар кеңесінің басты бағыты – өнегелі ұрпақ өсіруге, әсіресе, қыз бала тәрбиесіне өзіндік үлес қосу. Осы мақсатта «қыз – өмірдің гүлі», «қыз бала тәрбиесі – ұлт болашағы», «қызға қырық үйден тыйым» сияқты тақырыптарда ұжымдарда қазақ және орыс тілдерінде кездесулер өткізілмек. Отырыста Қала күні қарсаңында көпбалалы аналармен дастархан басында жүздесу ұйымдастыру, Қарттар күніне орай жалғызбасты қарияларға қайырымдылық жасау жайлы ойлар ортаға салынды. Сондай- ақ, «Туған жер» бағдарламасы аясында Теректі әулие жеріне барып қайту туралы кеңесті.
Жиынды қорытқан Марал Сағынайқызы, республикалық «Мектепке жол» акциясына белсенділік танытуды өтінді.

Майра Смағұл,
Кеңес мүшесі.

Комментарии закрыты.