Батыл жандардың қайырымды ісі

Қарағандыда «Батыл жандардың қайырымды ісі» атты жоба  жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды 24.kz сайты.

Мұнда сал ауруына шалдыққан  қарағандылық Әлия Сүлейменова  өзі секілді мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған  Оңалту орталығын ашты. Орталықта жүйке жүйесі мен  қимыл-қозғалысында ақауы бар балаларға психиатр, невролог, логопед, дефектолог секілді мамандардың  көмегі көрсетіледі. Сонымен қоса  олардың ата-аналарына да  психологиялық кеңес беру ісі  жолға қойылған.
– Біз «жүрек ақауы» деген диагнозбен келдік, басына микропализация алдық, ол мидың қанын айналдырады. Содан бері бала әріптер айта бастады, «мама», «папа» деп айта алатын болды. Балалармен ойнап, сондай жақсы көрсеткіштерге жеттік, – дейді қала тұрғыны Арай Әубәкірова.
Ал, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығының директоры Әлия Сүлейменованың айтуынша, қазір балалардан жақсы нәтиже көре бастаған. Осыған дейін мүлдем үндемейтін, психологиялық ауытқушылығы бар 9 баланы қоғамға бейімдеген. Олар былтыр мектепке барыпты.

Комментарии закрыты.