«Болашақ» стипендиясы жетілдірілмек

Мемлекеттік хатшы «Болашақ» стипендиясын жетілдіре түсу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды 24.kz сайты.

Президенттік стипендия жастар үшін білім өрісін кеңейтуге, әлемнің жоғары оқу орындарында білім алуға, үздік тәжірибелерді игеруге мүмкіндік береді. Ақордада өткен «Шетелде кадр даярлау жөніндегі» республикалық комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова осылай деді.
Осылайша биыл 80 үміткер магистратура мен докторантурада оқып, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Министрлер қатысқан жиында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «сананың ашықтығы» тапсырмасына басымдық беру туралы айтылды.  Жиналысты қорытындылай келе, Мемлекеттік хатшы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке «Болашақ» халықаралық стипендиясын бұдан әрі жетілдіру туралы тапсырма берді.

Комментарии закрыты.