Ата Заң күніне арналды

Қалалық оқушылар сарайының қосымша білім беру ұстаздары Қ.Жакупова мен Б.Ағайдарованың ұйымдастыруымен «Сарыарқа» аула клубында «Айбары мықты Ата Заң» атты ақпараттық тәрбие сағаты болып өтті.

Ата Заң күні мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл іс-шара «Домбыра» үйірмесінің оқушылары орындаған (жетекшісі Г.Көшербаева) «Балбұлақ» күйімен ашылды. Бұдан соң, оқушылар сарайының кітапханашысы Н.Исмаилованың оқушылары дайындаған әдеби монтажды тамашаланды.
Тәрбие сағаты барысында «Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын» тақырыбында танымдық ойын ойнатылды. Ойын барысында балалар белсенділік танытып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Өз ойларын ортаға салды. Іс-шара соңында балалар «Менің туған жерім» тақырыбында сурет салды.
Аталмыш іс-шараны тамашалауға аула балалары мен өнер көрсеткен тәрбиеленушілердің ата-аналары келді.
(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.