Алғашқы қоңырау соғылды

2 қыркүйек күні №16 жалпы орта білім беретін мектепте Білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» салтанаты болып өтті. Жиынға қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Жайлаубаев, қалалық білім бөлімінің бас маманы Г.Хасенова, Сәтбаев қалалық мәслихаттың депутаты Қ.Жанасылова, ұстаздар қауымы, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Мектеп директоры Қайрат Смайлов жиынға қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, өткен оқу жылындағы мектептің жеткен жетістіктерін айтып өтті.

Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтар да қатысушыларға өз құттықтау лебіздерін білдірді.
Іс-шара ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжатының елімізде кеңінен насихатталуына бағытталды. Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 1 сынып оқушылары мектеп ұстаздарына өздерінің жүрекжарды лебіздерін арнады.
Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын әр сыныптағы «Мен – өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы алғашқы сабақпен жалғасты.

Г.Бокаева,
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Комментарии закрыты.