Жезқазған қаласы 63 жылдығын атап өтті

Өткен аптада жезқазғандықтар қаланың 63 жылдық тойын атап өтті. Пайғамбар жасына келген көршіміз бұл мерекені биыл толайым табыстармен қарсы алды.

Жаңа нысандар бой көтеріп, 2017 жылы ауқымды көлемде жолдар жөнделді. Орталықтағы «Алаш алаңы» абаттандырылып, «Тәуелсіздік» стеласы қайта қалпына келтіріліп, ашылуы тұрғындар үшін үлкен сый болды Қала күніне арналған сыйлық, міне, осы! Алғашқыда стела материалы талапқа сай келмегендіктен, биыл қайта қалпына келтірілген.  Жасанды көгал  төселіп, 4 пандус қойылып, гүл отырғызылған.  Жарық шамдары шаһардың шырайын келтірді.   Жуырда алаң 1200 түп көшетпен толықпақ. Биыл мысты қалада  14 шақырым қалааралық, 9 шақырым аулааралық жолдар жөнделді. Бұған облыстық бюджеттен 945 млн. теңге қаржы бөлінген. Мерекеде қала басшылығы бұл жұмыстар жалғасын табады деп жергілікті халықты бір қуантып тастады. Қала күнін жезқазғандықтар ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Орталық алаңға сан алуан  сала ардагерлері мен  жүздеген тұрғындар жиналып, ізгі тілектерін жолдап жатты.  Шаһар тарихыннан сыр шертетін қойылым көрсетіліп, жергілікті өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты. Ал, Дастан Оразбеков, Айқын Төлепберген тәрізді   Қазақстанның эстрада жұлдыздарының келуі тұрғындар үшін нағыз тосын сый болды.

Комментарии закрыты.