«Тіл жанашыры» сыйақысын табыстады

Тілдер күні қарсаңында Қарағандыда Достық үйінде облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйақысын табыстау рәсімі өтті. Бұл марапат мемлекеттік тілдің дамуына қосқан үлес үшін беріледі.

Сайыс ұйымдар мен мекемелер қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, журналистер мен жастар арасында өтеді. Биыл 7 номинация бойынша 200-ге жуық адам бақтарын сынады. Ұйымдастырушылар үш жаңа номинация қосқан: «Тіл білгірі», «Жас полиглот» және «Мемлекеттік тіл бизнесте».
– Тілдер күні тек Қазақстанда ғана тойланады, күллі әлемде мұндай күн жоқ. Бұл тіл саясатының еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін айғақтайды. Жыл сайын жастар арасында тілге деген қызығушылықтың артуы қуантады. Елбасы бір сөзінде: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» – деген еді. Мен болашақ жастардың қолында екеніне қуанамын, – деді Ерлан Қошанов марапаттау рәсімінде.
Алты лауреат 300 мың теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды. Бас жүлде «Тіл майталманы» номинациясының көлемі 1 млн. теңгені құрады.
Облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйақысы жыл сайын Қазақстан халқының Тілдері күні қарсаңында табысталады.

Комментарии закрыты.