Мәслихат депутаттарын қосымша сайлау өтеді

Қарағандыда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында XXVII кезектен тыс конференциясы өтті. Партия мүшелері Қарағанды облыстық мәслихатынан шығып кеткен депутарттардың орнына үміткерлерді ұсыну туралы мәселені қарастырды.

Барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды қосымша сайлау 29-шы қазанда өтеді. Облыста биліктің өкілдік органына 8 орын босады. Үш бос орын — облыстық мәслихатта, екіден — Қарқаралы мен Осакаров аудандық мәслихаттарда, бір орын – Нұра аудандық мәслихатында. Бұрыңғы халық қалаулылары басқа мекенге көшкендіктен немесе жұмыс орнын ауыстыруына байланысты шығып кеткен болатын.
Облыстық мәслихатқа үміткерлерді облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы Ерлан Қошанов таныстырды. Ол – облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Серік Өтешов, Қазақ қатынас жолдары университетінің Жезқазғандық филиалының қашықтан оқыту орталығының директоры Бекзат Алтынбеков, Шет аудандық Орталық ауруханасының емдеу бойынша директорының орынбасары Хауан Әбітаева.
Сонымен қатар аудандық мәслихатқа үміткерлер да таныстырылды. Конференцияның делегаттары барлығын бір ауыздан құптады.
— Біздің партиямыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Нұр Отан» партиясының депутаттыққа үміткерлердің барлығы өз елінің адал патриоттары болуы тиіс. Олар еліміздің мүддесі үшін қызмет атқарулары керек. Өзінің депутаттылығы барысында осы талаптардың барлығына сай келуі абзал». Мен мына отырған үміткерлеріміз осы айтылған сұранымдарды абыроймен атқаратынына сенімдімін, — деді Ерлан Қошанов.

Комментарии закрыты.