Еңбектері елге үлгі

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты жастарды тәуелсіз қазақ мемлекетінің дамуындағы аға ұрпақтың ерен еңбегін насихаттау мақсатында «Сіздердің еңбектеріңіз – жастар үшін үлгі!» деген тақырыпта соғыс және еңбек ардагерлерімен, Социалистік еңбек ерлерімен, қаланың Құрметті азаматтарымен кездесу өткізіп келеді.

Жүріп өткен жолдары ғибратқа толы қарттармен жүздесу жақында Б.Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапханада өтті. Бұл кездесуге қалалық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің төрағасы Шермұханбет Байбосынов, ҰОС ардагерлері Тоғай Дауылбаев, Трофим Соколов, Социалистік еңбек ері Демберген Баймағанбетов және қаланың Құрметті азаматы Мария Громак қатысты.

Қарттар соғыс жылдарындағы бастарынан өткерген қиыншылықтарын, ел үшін жасаған еңбектерін баяндай отырып, Тәуелсіз қазақ елін дамытып, көркейтуде, алдыңғы толқын ағалардың ісін жалғастыруда жастарға жүктелер міндетті абыроймен атқаруға шақырды.

«Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, жастар мәслихатының депутаттары, «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері ата-әжелеріне өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойды.

Б.Қазкенов.

Комментарии закрыты.