Үздік еңбектер бағаланды

Сәтбаев қаласының туған күні биыл түрлі шаралармен аталып өтті. Соның бірі қаламыздағы жалпы білім беретін оқу орындары мен колледж оқушыларының және әуесқой кино түсірушілердің арасында ұйымдастырылған «Менің кином» атты қалалық байқау.

Аталмыш байқау «Менің қалам» деп аталатын бейне туындыларды сарапқа салды. Сәтбаев қаласын жалпы жұртшылыққа насихаттауды мақсат еткен байқауда мектептер мен колледж оқушыларының және жекелеген әуесқой кино түсірушілердің шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтауға бағытталды.
Байқауға жиырманың үстінде бейнефильмдер келіп түсті. Қазылар алқасы осы еңбектердің ең үздіктерін анықтап, арнайы сыйлықтармен марапаттады.

Өз тілшіміз. Суретті түсірген І.Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.