Тұрғындарды қабылдады

«Нұр Отан» ХДП-сы Сәтбаев қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі С.Т.Медебаев өткен жұмада тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға қала әкімінің орынбасары М.С.Мадиева, «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Б.Ақышбеков, қала мекемелерінің басшылары қатысты. Зина Есмұқанбетова Крестовский елді мекеніндегі ескі баракта мүгедек баласымен тұрады. – Тұрып жатқан баспанамызда ешқандай жағдай жоқ. Үйдің суықтығынан балам жиі ауырады. Ыңғайлы пәтер алуға көмектессеңіздер, – деген өтініш айтты. Қала әкімі пәтер алудың тәртібін түсіндіріп, ол үшін құжаттарды жинап, кезекке тұру қажеттігін жеткізді. Тұрып жатқан үйдің жағдайын анықтау үшін комиссия құрып, қолдан келер көмек көрсетуді тиісті орындарға тапсырды. Қабылдауға Айжан Елжібекова екі бөлмелі пәтерде жеті жан тұратыны, атасы мен екі баласы мүгедектер, жолдасының жалақысы мардымсыз екенін, жергілікті биліктен материалдық көмек болса деген өтінішпен келіпті. Қала әкімі ол кісіге әлеуметтік қызметке жазбаша түрде өтінішпен шығуын және ондай көмектің көрсетілуін тапсырды. Қала тұрғыны Өмірзақ Байторин баласын Астана қаласындағы ана мен бала орталығында емдету үшін жолдама (квота) алуға өткен жылдан бері кезекте тұрғанын, бірақ бұл мәселе әлі де шешімін таппай отырғанын айтып, көмек сұрады. – Өз тарапымыздан біз аумақтық денсаулық сақтау өкілдігіне арнайы өтініш-хат дайындаймыз. Мәселенің жылдамырақ шешілуіне ат салысамыз, – деді қабылдауда қала әкімінің орынбасары М.С.Мәдиева. Наурыз көшесінде №3 «А» үйдің тұрғындары төбелерінен пәтерлерге су ағатынын, суық судың жоғары қабаттарға көтерілмейтіні жөнінде шағымданды. Осы үйге қызмет көрсететін «Қайсар» пәтер иелері кооперативінің төрағасы Д.Сыздықов биыл осы үйдің 80 метр су құбыры айырбасталғанын, төбесін жөндеуден өткізу үшін қаражат, қажетті материалдар керек екенін айтты. Тұрғындардың көпшілігі кооперативке тиесілі төлемді өтемей отыр. Берешектері 1 млн.-ға жетті. Сондықтан ондай жұмыстарды жүргізе алмаймыз, – деді кооператив төрағасы. Тұрғындар атынан келгендер «Қайсар» кооперативіне сенімсіздік білдіріп, «бізді тұрғын-үй коммуналдық орталықтардың біріне кіргізіңіздер» деген ниет білдірді. – Егер бұл кооперативтің құрамынан шығатын болсаңыздар, жиналыс өткізіп, кондоминимум құрыңыздар, – деді қала әкімі. – Үйдің төбесі де тұрғындардың жеке меншігіне кіретін болғандықтан, оны жөндеу үшін де барлық тұрғындар қаражат жинауы керек. Негізінен, мәселені бірлесіп, бір шешімге келіп шешкен дұрыс. Қабылдауда пәтер алы, материалдық көмек жайында, басқа да тұрғындардың өтңнңштері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. М.Әбішев.

Комментарии закрыты.