Бейнекамера орнату керек

Қазіргі Комаров көшесі келешекте «Мәңгілік ел» бақжолы болады дегенді естіп бір қуанып қалдым. Үлкен шаруа. Осыған орай осы көшеде көптеген жаңалықтар болып жатыр. Шағын сәулет мүсіндері қойылып, көшенің көркі кіруде.

Өкінішке орай, сол мүсіндерді бұзу, сындыру, сызып, шимайлап тастау фактілері де жиі орын алуда. Жаздың ортасында ғана «Ақындар аллеясындағы» домбыраның қос шегін әлдебір бұзақылар үзіп тастағанын көргенбіз. Бұл мәселе қалалық «Шарайна» газетінде де көтеріліп, кейін үзілген шектер орнына келтірілген болатын. Таяуда әлгі соққандар шекті тағы үзіп кетіпті.
Жалғыз бұл емес, бақжолдағы орындықтарды сындыру, қоқыс салатын жәшіктерді төңкеріп тастау сияқты оралымсыздықтар да жиі орын алып тұрады. Сондықтан, ондайды болдырмас үшін бақжолға бейнекамера орнату қажет. Сонда ғана түрлі бассыздықтардан құтыламыз. Бұл түрлі қылмыстың да алдын алуға септігін тигізеді.

Аманкелді Ақшал,
қала тұрғыны.

Комментарии закрыты.