Жаһанға жол бастар жаңа әліпби

Латын графикасын қолдану турасында ұйымдастырылған кездесулер легі бірқатар білім беретін ұйымдарда жалғасын табуда. Сондай бір жиын оқушылар сарайында өтті. Ұстаздар қауымымен кездескен қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары латынға ауысу туралы ойларымен бөлісті.

– Елбасы «Болшаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» дегенді тілге тиек еткен. Ұлттық санаға, ең алдымен, әсер ететін күш – ана тілі. Тілімізді реформалау ұлттық сананы жаңа деңгейге көтеретін қадам. Осыған байланысты, бұл өзекті мәселе болғандықтан, Елбасымыз аталған мәселені көтеріп, халық талқысына ұсынылғанды жөн көрді. Сондықтан біз өз тарапымыздан жаңа әліпби төңірегінде насихат жұмыстарын біріге жасауымыз керек, – деді Амангелді Құрақбай.

***

Ақпараттық насихат тобының мүшелері қаламыздағы «Денсаулық» колледжінің ұжымымен де кездесті. Медицина саласынының мамандарын дайындайтын білім беру орны үшін латын әліпбиіне ауысу ешқандай қиыншылық тудырмайды. Себебі, бұл әліпбиді олар кәсібінде кеңінен қолданып келеді.
Талқылау барысында бірқатар ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды. Кездесу соңында барлығы латын әліпбиін қолданысқа енгізуге қарсылықтары жоқтығын және ол біздің еліміздің болашағына оң ықпалын тигізері сөзсіз екендігін жеткізді.

Нұрлат Қонысбай.

Комментарии закрыты.