Халық қалаулылары кеншілер қаласында

Өткен жексенбіде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Ж.Кәрібжанов Жезқазған аймағына келіп қайтты. Құрметті қонақтың қасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Жараспаев, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Б.Жұмабеков болды.

Сәтбаев қаласында қонақтарды қала басшысы Б.Шыңғысов, қалалық мәслихаттың хатшысы С.Имамбай, қала әкімінің орынбасары Қ.Шайжанов қарсы алып, мәдени-әлеуметтік нысандарды аралатты.

Ж.Кәрібжанов алдымен спорт-сауықтыру кешеніне атбасын тіреді. Кешен директоры Ю.Апариннің бастауымен қонақтар мұз сарайын, жүзу бассейнін көріп, футбол алаңында жас спортшылардың ойынын тамашалады.

Сосын Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешітте болып, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Мешіттің бас имамы Бақдәулет қажы құран оқыды.

Сапар соңында  №15 жалпы білім беретін орта мектепке келген қонақтарды мектеп директоры А.Тлемісова қарсы алып, білім ұясының тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Қонақтар кеншілер қаласының өмірінен жақсы әсермен қайтты.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.