Ашық есік күні қарияларға арналды

Қарттар күнiне орай қаламыздағы емханада ашық есiк күнi өткізілді. Емхана басшыларының мәліметіне қарағанда бұл күні дәрігерлер қарттарды таңғы сағат тоғыздан кешкі алтыға дейін кезексiз қабылдаған…

Қалалық емхананың директоры С.Сағымбаеваның айтуынша, ашық есiк күніне жан-жақты әзірлік жасалынған. Бұл күні емхананың холы арнайы жабдықталып, ақпараттық құралдармен жарақтандырылған. Ашық есік күнінде 60 жастан асқан қарттар тексерiліпті.
– Қарттар көбiнесе кардиолог, эндокринолог пен невропотолог мамандарына тексерiлiп жатыр. Олардың арасында артериялық гипертензия, жүректiң ишемиялық аурулары, қант диабетi кең тараған», – дейдi директор.

Аманкелді Ақшал.

Комментарии закрыты.