Тегін дәріге қомақты қаржы бөлінеді

2018 жылы Қарағанды облысында тегін дәрі мен балалар тағамына қомақты қаржы бөлінеді. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы бұл бағытқа 9 млрд. теңге жұмсамақ, деп хабарлайды 24.kz сайты.

Нәтижесінде аймақ тұрғындарының 90 пайызы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Осы жылдың қараша айында дәрілерді жеткізу бойынша конкурстық процедуралар өтіп, қол қойылады. Ал медициналық препараттар аймаққа 2018 жылдың қаңтар айынан бастап жеткізіледі. Сонымен қатар Денсаулық сақтау басқармасы келесі жылы әлеуметтік дәріханалар санын 35-тен 42-ге дейін көбейтпек. Оған қоса дәрмектердің түрі де артады.

– Соңғы айларда халықтан амбулаторлық дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі туралы хабарлар көп түсті. Біз бөлінген бюджеттен 383 млн теңгені үнемдедік. Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен бұл қаражат облысқа қайтарылады. Қосымша келісімдерге қол қойылды, қазан айында аймақтың поликлиникаларына қажетті көлемдегі дәрі-дәрмектер жеткізілді, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Комментарии закрыты.