Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – Қазақстанда бірінші кезекті мәселелердің бірі. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын, әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататын жайт.

Жемқорлық – сан ғасырлардан бері адамзат баласын улап келе жатқан кесапат. Улағаны – адамзат қолында барын бағаламай, ақша атаулы қара күшке құнығып, осы кесапаттың соңынан еріп кетуі. Дүниеге адам болып келген соң, адалдықты ту етіп, таза, адал еңбекпен өмір сүру орнына, осындай жеңіл жолды таңдап, адасып жатқан жандар қаншама?!
Жемқорлық қылмыс болып саналса, оның соңынан ерген адамды қылмыскер демей не демекпіз?! Ол тек мемлекеттің алдында ғана емес, өз арының алдында да қылмыскер. Елімізде осындай қылмыскерлер көбейіп жатқанда келер ұрпақ не болмақ? Біз келешек ұрпақты аман алып қалу мен мемлекеттің даму жолында күрестен қол үзбеуіміз керек.
Түйіндей келе айтарым, әр адам баласы бірінші өз-өзін тәрбиелесе, келешек ұрпаққа дұрыс тәрбие мен өнеге бере алатындығы. Дұрыс тәрбиеленген келешек – ел кепілі. Ендеше, жемқорлықпен күресті әуелі өзімізден бастайық. Баршамыз жұмыла біріксек, кез-келген көтерер жүк жеңіл болмақ.
С.Аппазова,
№20 «Балақай» бөбекжай балабақшасының қазақ тілі мұғалімі.

Комментарии закрыты.