1 млрд теңге қайтаруды міндеттеді

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты монополияға қарсы ведомствоның «Жезқазған Энергосбыт» ЖШС-не жіберілген талабын қарастырды, деп хабарлайды Жезқазған қаласы әкімінің баспасөз орталығы.

Жезқазған аймағы мен көптеген ауылдық аудандарды электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған монополист тариф жөніндегі істе жеңіліп қалды. Сот көтеріңкі тарифтерді заңсыз деп тауып, кәсіпорынды бір ай аралығында тұтынушыларға 1 млрд теңгені қайтарып беруге міндеттеді.
Талапкер ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті шықты. Оның талабын сот толықтай қанағаттандырды.
«Жезқазған Энергосбыт» ЖШС сот шешімі заңдық күшіне енген соң 30 күн аралығында тұтынушыларға 1 014 879 300 теңгені қайтарып беруге міндеттелді. «Жезқазған Энергосбыт» ЖШС 2015-ші жылдың қаңтар айынан бастап, құзырлы орган бекіткен жаңа бағаға дейінгі мерзімде 1кВт/сағат қосымша құн салығысыз 15 теңге тариф құнын, тұтынушылар топтары бойынша дифференциациялау: халыққа – 1кВт/сағат қосымша құн салығысыз 13 теңге; басқаларына – 1кВт/сағат қосымша құн салығысыз 18,41 теңгені қолдануды міндеттеді», – деп экономикалық соттың судьясы Дияз Мұстафиннің жариялаған шешімнің резолюциялық бөлігінде айтылған. Оған қоса, сот монополистен мемлекеттік бюджет кірісіне 30 млн теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірді.
Сонымен қатар, сот монополияға қарсы органның дәлелді қорытынды шығару әрекетін заңсыз деп тауып, орын алған ереже бұзушылықты шешім заң жүзіне енгеннен соң бір ай көлемінде жоюды міндеттеді. Сот шешімі заң күшіне енген жоқ – екі жақта да оны аппеляциялық инстанцияға шағымдану құқығы бар.
«Жезқазған Энергосбыт» төңірегіндегі тарифке қатысты дау-дамай ұзақ уақыт жалғасып келеді. 2015-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қызмет көрсетуші халыққа қосымша құн салығысыз 1кВт/сағатына 18,83 теңге көлемінде шот жібере бастаған. Ол баға монополияға қарсы органмен мақұлданбаған.

Комментарии закрыты.