Сапа – тауардың ғана емес, өмірдің де мәні

Дүниежүзілік сапа күні жыл сайын қараша айының екінші бейсенбісінде аталып өтеді.
2017 жылы ол мереке 9 қарашаға тұспа-тұс келуде. Біздің өміріміздің сапасы көптеген факторлармен айқындалады. Күнделікті тұрмыста немесе аракідік қолданатын тауарлар мен қызметтердің сапасы ерекше мәнге ие екенін білеміз.

Баршамыз қаншалықты тауар­лардың және қызметтердің дәрменсіздігі мен сын көтермейтіні жайында білеміз. Әрине, көпшілігіміз бұл келеңсіздікке күн сайын куә боламыз. Бұл теріс құбылыстар біздің денсаулығымызға шипа болмасы, психологиялық комфортымызға дәру болмасы анық. Өйткені, үнемі артық ой салмағы сенімсіздік пен мазасыздыққа әкеледі. Қазіргі замандағы адам санасында сапа туралы сөз қозғағанда тек проблема жағына бейім келері хақ. Сонда заманауи экономикалық дүниетаным кемсітілген немесе жоқтың қасына айналған сапаға ден қоя ма? Дүкендер сөресінде сапасыз тауарлар неге көп? Осындай сұрақтар әрбір адамды мазалайды.

Жоқ. Әлемнің озық қоғамы бұл негативті үрдісті бақылай отырып, 1989 жылдан бастап осы келеңсіздікке төтеп беру үшін Дүниежүзілік сапа күнін жария етті.

WebPlus.info жобасының деректері бойынша біздің күнтізбемізде осы датаны белгілеуге бастамашылық жасағандар әлемдегі танымал қоғамдық ұйымдар болып отыр, оның қатарында Еуропалық сапа жөніндегі ұйым мен Сапаны бақылау жөніндегі америкалық қоғамдастық, Жапония ғалымдары мен инженерлері одағы, Латынамерикалық сапа ұйымы бар. БҰҰ қолдауымен Дүниежүзілік сапа күнін атап өту жыл сайынғы сипатқа ие болды және қарашаның екінші бейсенбісі белгіленді. 1995 жылы Еуропалық сапа жөніндегі ұйым Дүниежүзілік сапа күнін атап өтетін апталықты жария етті. Бұл Еуропалық сапа апталығында адал өндірушілер қоғамдық ұйымдардың және атқарушы билік органдарының қолдауымен көптеген көрмелер өткізеді және өндіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қолдау үшін жан-жақты іс-шаралар ұйымдастырады.

Сапаға қатысты проблема бостан босқа шықпағанын баршамыз білеміз. Оның туындауына қарқынды экономикалық өсу және қатаң әрі кей кезде, әсіресе сапаға бола жосықсыз өндірушілердің жеке меркантильдік мүддесі басты орынға қойылғанда қатыгез болатын бәсекелестік өз септігін тигізді. Бұл барлығына қатысты мәселе, тіпті атақты брендтерге де қатысы бар. Бірақ, тәжірибе бұндай ұстанымның қауқарсыздығын көрсетеді. Қанағаттанарлықсыз сапа әлемдік қоғамдастық үшін экономикалық қатынастағы тежеуші және барынша теріс фактордың ролін сомдап келеді.

Бұл күні біздер әлемдік бастамаға қосыламыз және баршамызға жосықсыз өндірушілердің ашықтан-ашық жасап отырған шала істерінен аулақ болуға шақырамыз. Сіздер мен біздерге тек лайықты әрі сапалы өнімін ұсына отырып, жүйкеміз мен денсаулығымызды қадірлей білгендердің заттарын және қызметтерін алып, қолдануға ұмтылыс жасаймыз.
Алған затымыздың қымбат болуы маңызды емес, өйткені жоғары баға тұтынушыларды алдау үшін зиянкестік жасайтындардың әрекеті болуы әбден мүмкін.

Біздің мұқият болуымыз өміріміздің сапасын арттырып, бейсауат мәселеден аулақ жүруімізге жол ашады. Бұл шын мәнінде рахаттанып өмір сүруге мүмкіндік береді. Өйткені өмірдің өзі ғажап емес пе…

Г.Назарбекова,
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Комментарии закрыты.