Игі дәстүр жалғасты

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Кімде-кім Оразада ораза тұтқан жанға ауыз аштырса, ауыз бекіткен адамға қанша сауап жазылса, ауыз аштырған адамға да сондай сауап жазылады» деген екен. Жылда қала әкімдігі мен Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешіті ораза ұстаған жандарға ауыз ашар береді. Биыл да осы дәстүр жалғасын тапты.

Оған Сәтбаев, Жезқазған қалаларының әкімдері  Бауыржан Шыңғысов, Берік Әбдіғалиұлы, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Әлияр Жараспаев, «Нұр Отан» ХДП «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС жанындағы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Балмағамбетов, «Жезқазғантүстімет» ӨБ әлеуметтік мәселелер жөніндегі директоры Тоғызбай Тәжбенов және т.б лауазым иелері қатысты.

Мешіттің бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов құран оқып, уағыз айтты.

Жиналған жамиғат жылдағы дәстүрден айнымай биыл да ауыз ашар берген қала әкімдігіне ризашылықтарын айтып тарқасты.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.