Өз газетің — «ШАРАЙНА» Ұмытпа, жазыл, жарай ма!

Алдағы 2018 жылға баспасөзге жазылу жүріп жатыр. Қазақ баспасөзінде, ақпараттық кеңістікте өзіндік орны бар, қазыналы өңіідің үнпарағы – «Шарайна» кеншілер қаласының жылнамасын жиырма бес жылдан астам уақыттан бері жалықпай жазуда. Қала халқы да осынша уақыт бойы өз газетін қолдап, оны өмірінің серігі, сырласы, досы санап келді. Биыл да, болашақта да солай бола береді деп сенеміз.

Рас, нарық қыспағы біздің де адымымызды аштырмай келеді. Бір кездері жеті мыңға жетіп жығылатын газеттің таралымы соңғы жылдары екі мыңның етегінде қалды. Қалың оқырман бізге келер жылы сенім артады, бауыр басқан басылымын мүмкіндігінше жаздырып алады деп үміттенеміз. Және жаңа оқырмандарымыздың да «Шарайнаны» қалайтынына күмән жоқ. Өйткені, газет – досың, сырласың. Биылғы біздің ұран – «Шарайна» – сенің газетің!
Қымбатты оқырман! Қаламыздың айнасы, өздеріңіздің «Шарайнаңыз» әр шаңырақта болсын. Бізге қолдау көрсетіңіздер.

Комментарии закрыты.