Тіл шебері анықталды

Өткен аптада Оқушылар сарайында қаламыздағы мектептердің оқушылары арасында «Полиглот» танымдық ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – балалардың күзгі демалыс уақытын тиімді пайдалану, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау. Сондай-ақ, оқушыларды тілдердің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз қадірін түсінуге баулу болды.
Сайыста қала бойынша әр мектептен қатысқан барлығы 10 оқушы бақ сынасты. Ойын бес кезеңнен тұрды. Әр кезеңдегі тапсырмалар үш тілде өткізілді. Шығарылған нәтиже бойынша І орынды №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Мухтаров Дулат жеңіп алса, ІІ орынға Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің оқушысы Сафин Ақерке ие болды. Ал, ІІІ орынды С.Сейфуллин атындағы гимназияның оқушысы Мұқан Аяжан иеленді.
(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.