«ЖҚТБ – ғасыр мәселесі»

Осындай атаумен қаламыздағы №7 орта мектепте оқушылардың қатысуымен танымдық сабақ өткізілді. Жиында ғасыр індетіне теңелген ЖҚТБ (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) туралы деректер келітіріліп, оның алдын алуға байланысты кеңестер айтылды.

Танымдық сабағына оқушылармен қатар, ұстаздар мен медицина саласының қызметкерлері қатысты. Отырыстың негізгі мақсаты «ЖҚТБ қалай жұғады, ауру қалай асқынады?» деген тақырыптар арқылы түсініктері беру болды. Сабақ басталысымен аталған індет туралы толыққанды ақпараты бар бейнеролик қатысушылар назарына ұсынылды. Оқушылар топ болып бұл аурудың қайдан шыққаны туралы пікір алмасты, дерт туралы деректер келтірді. Сынып сағаты барысында қатысушы оқушылар да өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан мардымды жауап алды.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ,

Комментарии закрыты.