Орталықтың жұмысымен танысты

Өткен аптада қала әкімінің орынбасары А.Төлендина «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталығының Сәтбаев қалалық бөлімінің жұмысымен танысып, тұрғындармен тілдесіп қайтты.

Кездесу барысында халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы М.Сүлейменов қонақтарға ХҚКО жұмысы туралы мәлімет берді.
– Қазіргі уақытта біздің орталықта 530 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Қажетті техникамен толықтай жабдықталған. Халықтың ыңғайлылығы үшін 6 орындық өз-өзіне қызмет көрсету секторы бар. Біздің негізгі мақсатымыз халыққа және мүмкіндігі шектелген азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады, – деді М.Сүлейменов.
Сондай-ақ, әкім орынбасары А.Төлендина келген жұртшылықпен тілдесіп, олардың сын-пікірлерін тыңдады.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.