Бақытты жанұя – мемлекет тірегі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай қаламызда «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпағы – туған елге!» атты жастар жобасы жалғасуда.

Халықаралық жастар күнінде заңды түрде некелерін қиған Медет Қоңырбаев пен Эльмира Төреқожинаны бұл қуаныштарымен құттықтау үшін білім беру саласының үздігі, жоғары санатты ұстаз, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Кеніш Уалина келді. Ол жас жұбайларды құттықтап, ақ батасын берген соң, «Нұр Отан» ХДП атынан жас отбасыға сертификат табыстап, салтанатты түрде лента тақты.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.