Жаңа купюра таныстырылды

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев 500 теңгелік жаңа купюраны таныстырды, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл – «Қазақ елi» сериясы бойынша шыққан алтыншы купюра. Қағаз ақшаның дизайны бұрынырақ шыққан жоғары номиналды ақшалардың дизайнына сәйкес. Ақшаның бір бетінде «Қазақ елі» монументі мен көгершіндер, ал, екінші бетінде Каспий теңізі бейнеленген. Түс реңі өзгермеген.

– Ақшадағы жазу кириллица қарпімен басылған. Себебі, дизайн бойынша жұмыстар 2015 жылы жүргізілген. Купюраны басып шығару – ұзақ жүретін процесс болғандықтан, жазулар кириллицамен жазылған. Латынға ауысу ұзақ уақытқа созылатын үрдіс, – деді Ақышев.
Ескі дизайндағы 500 теңгелік ақша 2020 жылдың 10 маусымына дейін айналымда жүреді. Мерзім жеткен соң купюра айналымнан шығады.

Комментарии закрыты.