Жүздегі қарияға құрмет

Ел басына қиын-қыстау күн туғанда елді жаудан азат еткен жауынгер аталарымыздың қатары жыл санап кеміп барады. Тарихтың бір бөлігіне айналған осы  өжет рухты аталарымызға құрмет те артып отыр.

Қаламызда 12 тамыз күні жүз жасқа толған Фин және Ұлы Отан соғысының ардагері Афанасий Дятловты қала әкімі Б.Шыңғысов, «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дәрібаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Т.Қапарова құттықтап, деніне саулық тілеп,  әкімдіктің, партияның,  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атынан сұйық кристалды теледидар сыйлады. Сәтбаев қалалық әскери істер бөлімі бастығының орынбасары В.Супонин бөлім атынан сый-сияпатын тапсырды.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.