Туған жер – тірегім

«Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» демекші, расында да жас ұрпақтың бойында туған елге, жерге, ұлтына деген сүйіспеншілік, сағыныш, патриоттық сезім болуы шарт. Себебі, біз осы адами қасиеттер арқылы ұлт болып қалыптасамыз, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік аламыз.

Елбасының айтқан «Туған жер» бағдарламасы аясында әр адам өз туған еліне, жеріне деген махаббатын іс жүзінде дәлелдесе құба-құп болар еді. Аты айтып тұрғандай, туған жер – бұл әркімнің шыр етіп дүниеге келген жері, алғаш тұсауын кескен қасиетті мекені, өмір-бақи жүрегінде өшпес орын алатын мәңгілік тұрағы. Сонымен қатар, осы бағдарламаның мақсатын жүзеге асыру арқылы, біз ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап келген тарихи қасиетті орындарымызды, ежелгі ескерткіштерді, қорымдар мен киелі мекендерді қайта жаңғыртуға, рухани дүниемізді байытуға мүмкіндік берілді.

Қорыта келе, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Елбасының Үндеуінде көтерілген әр мәселеге қолдау таныту, оны насихаттау қоғам жанашыры ретінде әр азаматтың міндеті деп білемін және бұл менің патриоттық көзқарасым.

Қ.Есмағанбетова,
«№15 ЖОББМ» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Комментарии закрыты.