Күз ханзадасы мен ханшайымы

Қараша айының 16-17 күндері Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде 1-4 сыныптар арасында «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты күз туралы балалардың дүниетанымын арттыру, күздің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау болды.

Мектебімізде жыл сайын өтетін бұл іс-шараға 1-4 сынып оқушылары зор қызығушылықпен қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Өнер» және «Сән үлгісі».
Қорытынды шығару барысында балалардың сахна мәдениетіне, сөз өнеріне, шығармашылықтың ерекшілегіне, жұптың үйлесімділігіне басты назар аударылды. Сонымен «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атағына 1«А» сынып оқушылары А.Беймағанбет, Ж.Сарқыт, 2«Б» сынып оқушылары Е.Жұбаныш, Е.Балғынбек, 3«В» сынып оқушылары Д.Дүкенбай, М.Совет, 4«А» сынып оқушылары Р.Сәрсебай, Ж.Жумай ие болды.

Р.Болсамбекова,
бастауыш сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.