Жолдау жолдары жүзеге асуда

2010 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2011-2020 жылдар аралығындағы білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Басты мақсат білімде бәсекелестікті көтеру, экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету болса, бұл бағдарлама қаламызда қалай жүзеге асуда? Осы тұрғыда Сәтбаев қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Қ.Жанасыловамен жаңа оқу жылы қарсаңында  сұхбаттасқан едік.

– Шынар Қаппасқызы, биылғы оқу жылының бағыттарында қандай жаңашылдық бар?

– 2010-2011 оқу жылындағы білім мекемелерінің жұмысы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдар аралығындағы  білімді дамыту мемлекеттік бағдарламаларды, білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.

Сәтбаев қаласының аймағында  41 білім мекемесі, оның ішінде 16 жалпы білім беру мектебі, 1 кәсіби лицей, 1 колледж, 16 мектепке дейінгі мекеме, 4 мектептен тыс мекеме, 2 балалар үйі, 1 жасөспірімдер үйі қызмет етеді.

Қалалық білім бөлімі 16 мемлекеттік және 6 қазыналық мекемелерге арналған бағдарламалардың әкімшісі болып табылады.

Қаланың  білім мекемелерінің даму шарттарының бірі – жаңашылдық болып табылады. Қалада тұлғаны әлеуметтендіру, ЖКТ қолдану, көп тілді білім алу, денсаулық сақтау технологиясын енгізу және т.б. нақты тәжірибе жинақталған. 2009 жылдан бастап Сәтбаев қаласына «Балаға мейірімді қала» жобасы кірді, осы шара аясында №№12,16 орта мектептер және №5 бөбектер бақшасында  балаға мейіріммен қарау желісіне кірді. Алдағы уақытта осы жобаға оқушылар сарайын да қосу жоспарлануда.

– Елбасының биылғы Жодауында «… барлық балғын қазақстандықтарды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтимыз» деген жолдар бар. Енді осы мектепке дейінгі білім жайында айта кетсеңіз.

– Мектепке дейінгі  тәрбие және оқыту рөлін күшейту жалпы әлемдік тенденция қатарына жатады. Жаңа айтып кеттім, қаламызда 16 мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 13 – жеке меншік, 14 – кіші орталықтар, олардың біреуі толық күн тәртібімен жұмыс істейді. №14 ОМ шағын орталықты толық күн тәртібімен жұмыс істеуге ауыстырылу жоспарланып отыр.  2009 жылмен салыстырғанда балабақшаға баратын балалар саны  444-ке, кіші орталықтарда – 90-ға өсті.

2010-2014 жылдар аралығында балаларды мектепке дейін тәрбиелеу және оқытумен қамтамасыз ету бойынша «Балапан» бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  28.05.2010ж. №488 Қаулысымен, қалалық  әкімшілікпен бірге бекітілген 2010-2012 жылдардағы мектепке дейінгі білім алу жүйесін дамытудың жоспары жасалды.

– Жалпы орта білім алуда қазақ сыныптарында оқитындар саны қанша?

– 2010-2011 оқу жылында қаланың 16 мектебінде  10888 оқушы білім алды, оның  6772-сі қазақ тілінде білім алса, 4116-сы орыс тілінде білім алушылар. 2011-2012 оқу жылында, алдын-ала берілген мәлімет бойынша, 10569 бала партаға отырады деп күтілуде, оның ішінде  1 сыныпқа баратыны – 942, бұл сан  2010-2011 оқу жылында – 930 болған.

– Жолдаудағы «Біз мектептегі сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етеміз» деген жолдарға қатысты не айтасыз? Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, жалпы сапалы білім  алуға қандай жағдай жасалуда?

– Білім сапасы педагогикалық құрамның сапасымен анықталады ғой. Мұғалімдердің, тәрбиешілердің, әдіскерлердің біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде. 2010-2011 оқу жылында біліктілігін көтеру және қайта даярлау курстарынан 210 педагог өтті. 2010-2011 оқу жылында сапалы білім алуға  жағдай жасау үшін ауқымды  жұмыс жасалды. Бүгінгі таңда қаланың білім мекемелерінде  қазіргі заманға сай жаңартылған 26 кабинет, оның  11 – физика, 6 химия кабинеті және 9 биология кабинеті. Қаланың білім мекемелерінде  14 мультимедиялы және лингафон кабинеттері орнатылды. Қаланың 12 мектебінде 60 интерактивті тақта жұмыс істейді.

Оқушылар санының қалалық көрсеткіші 1 компьютерге 6,8 құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен 2,5 есе жоғары. Қаланың барлық  мектептері кең ауқымды ғаламторға қосылған.

Қалада білім ағарту порталы мен  АСУ «Білім ал» бірыңғай телекоммуникативті желі жүйесіне енгізу жұмыстары жүргізілуде. Білімді және ҰБТ мен МАБ-қа дайындалудағы  оқудың сапа мониторингін  бақылау мақсатында жаңа оқу жылынан бастап «Quick exam system» жылдам тестілеу бағдарламасы іске қосылады. Оқу үрдісінде интерактивті технология мүмкіндіктерін  кеңінен қолданудың бір түрі заманауи интерактивті құрылғының көмегімен өтетін on-line сабақтары болып табылады.

– Ата-аналарды, әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбастарын толғандыратын мәселенің бірі – оқулықпен, тегін тамақпен қамтамасыз ету. Бұл жұмыс қалай жүзеге асуда?

– 2011-2020 жылдар аралығындағы білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2015 жылы  барлық оқушыларды  тегін оқулықтармен және  ОӘК мен 100%  қамтамасыз ету жоспарлануда. Қаланың білім бөлімімен  оқушыларды кезең бойынша тегін оқулықпен қамтамасыз етуге көшу  үшін 2011-2014 жылдарға алдын ала қаражатты есептеу жүргізілді.

1-4 сынып оқушыларын қамту бойынша маңызды жұмыстар жүргізілді және аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан шыққан балалар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Тегін тамақтандырумен 5093 оқушы қамтылды, оның ішінде 1519 оқушы көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан. Қазіргі таңда қаланың 16 мектебінде ыстық тамақ ұйымдастырылған.
– Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту қалай ұйымдастырылған?

– Ерекше көңіл бөлуді талап ететін балаларға білім беру қызметінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  қалада кешенді жүйе құрылып жұмыс істейді, бұл жүйе мектеп жасына дейінгі мүгедек балаларды жалпы орта білім алғанға дейінгі аралықта сапалы оқытуға мүмкіндік береді.

Қалада ұзақ уақыт ауыратын және тілінің дамуындағы  кешеуілі бар  мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 1 топ, жалпы білім беру мектептерінде 12  түзету сыныбы, 2 логопед пункті қызмет етеді. 2011 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап  №№ 2,7,25,27 орта мектептерінде қосымша төрт түзете-дамытып оқытатын 1 сыныптар ашылады.

№10 «Қызыл телпек» бөбектер бақшасына 28 бала түзету тобына барады. 2010 жылдан бері № 5 «Нұрбөбек» бөбектер бақшасында инклюзивті білім беру кабинеті жұмыс істейді.

Ш.Жанасыловамен болған сұхбаттан біз Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы қаламызда толығымен жүзеге асып жатқандығын білдік.

Сұхбатты жүргізген Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.