1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары!
Сіздерді еліміз үшін маңызы ерекше мейрам – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев жас тәуелсіз мемлекетімізді басқарған сәттен бастап оның өркенді жолмен дамуына қажетті күрделі реформаларды тиімді жүргізуде. Көреген көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленген Елбасымыз небір сын сағаттарда өзге мемлекеттердің даму жолдарын саралай келе, бүгінде бүкіл әлем мойындаған «дамудың қазақстандық жолын» қалыптастырды.

Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегі, кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан қарқынды дамушы мемлекеттердің қатарына қосылды. Бүгінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мықты, ынтымағы жарасқан іргелі мемлекетке айналды.

Қымбатты жерлестер!

Бүгінгі маңызы зор айтулы мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болып, Отанымыз өркениет биігінен көріне беруіне тілектеспіз!

Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов.
Сәтбаев қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук.

Уважаемые сатпаевцы!
Сердечно поздравляем вас праздником – Днем Первого Президента Республики Казахстан!

В этот день мы с особой гордостью осознаем, что благодаря личной ответственности, настойчивости в достижении целей Лидера Нации началась история независимости нашего государства, а в общемировой политике появилось новое понятие «казахстанский путь развития». Первый Президент Независимого Казахстана Нурсултан Абишевич Назарбаев стал гарантом единства и сплоченности, успешного развития нашей страны. Благодаря этому, мы живем в стабильной стране, уверены в завтрашнем дне, спокойны за будущее наших детей и гордимся тем, принимаем самое активное участие в созидательных процессах. Убеждены, что каждый гражданин Казахстана должен осознать и поддержать стремления Главы государства построить независимый и процветающий Казахстан.

Обращаясь к вам, дорогие земляки, искренне желаем мира, добра, благополучия и достатка, новых трудовых свершений, процветания для нашего Казахстана! Пусть праздник, символизирующий незыблемые устои суверенного Казахстана, несет дань глубокого уважения к человеку, ответственному за судьбу страны!

Аким города Сатпаев А.А.Идрисов.
Секретарь городского маслихата Т.И.Хмилярчук.

Комментарии закрыты.