Жолдастық кездесу

Спорт күніне және ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап Спорттық сауықтыру кешенінде Жезқазған,  Сәтбаев қалалары спортшыларының арасында жолдастық
кездесу өтті. Бұл кездесуді Сәтбаев қаласы әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясының спорт басқармасы ұйымдастырды. Қатысушылар спорттың 4 түрінен, атап айтқанда баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат-дойбыдан жарысты.

Ойынға жас спортшылармен қатар ардагер спортшылар да атсалысты.

Бұқаралық спортты дамытуды мақсат еткен ойынның соңында жеңімпаздар марапатталды.

Оларды спорттық сауықтыру кешенінің басшысы Ю.Опарин құттықтап, марапаттады.

Жолдастық кездесуде волейболдан І орынды Жезқазған қаласының спортшылары еншілесе, баскетболдан, үстел теннисінен, шахмат пен дойбыдан  өзіміздің спортшылар жеңіс тұғырына көтерілді. Олар ұйымдастырушылардың атынан Алғыс хат пен заттай сыйлықтарға ие болды.

Ойынның бас төрешісі Р.Мазитов жалпы есептік көрсеткіш бойынша озып шыққан сәтбаевтық топты жеңісімен құттықтап, қала әкімінің кубогін тапсырды.

Б.Айтөреұлы.

Комментарии закрыты.