Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Тұңғыш Президент күні қарсаңында №19 орта мектепте «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында 5«В» сыныбының қатысуымен тәрбие сағаты өтті. Оның мақсаты Президентіміздің өмір жолы, туып-өскен, білім алған жерлері жайлы мағлұмат беру болды.

Тәрбие сағатын сынып жетекшісі жүргізіп отырды. Іс-шара барысында Президентіміз туралы бейнеслайдтар көрсетіліп, оқушылар біле бермейтін қызықты деректер айтылды. Әрі қарай сынып оқушыларын ойын әдісі арқылы топтарға бөліп, «Егер мен Президент болсам» атты тақырыпта коучинг өткізді. Оқушылар өз ойларын постер құрау және эссе жазу арқылы білдірді. Жасаған жұмыстарын қорғауда оқушылар ойын нақты да дәлелді түрде жеткізе білді. Мысалы, Сапарбек Аяжан мен Алиқулов Ерсағын «Президент болу үшін қандай тұлға болып қалыптасу керектігі» жайында суретті табиғат көріністерімен ұштастырды. Тәрбие сағатын Сәбитқызы Еркеназ өзінің жүрекжарды өлеңімен аяқтады.

Г.Абдирова,
№19 мектептің тарих пәні мұғалімі.

Комментарии закрыты.