Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың бастауы

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бірден бүкілхалықтық қолдауға ие болған ауқымды бағдарламалық құжат болып табылады.

Латын әліпбиіне көшу біршама уақыттан бері қолға алынып келе жатқан, қоғамда қызу талқыға түскен мәселе болды. Осыған орай қараша айының 18 күні Ыбырай Алтынсарин атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың бастауы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған мектептің 10-11 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Іс-шара барысында «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі неде?», «Латынға көшу – өркениетке барар жол бола ала ма?», «Латын жазуын егде жастағыларға үйренудің қиындығы бар ма?», «Ағылшын тілін білетін жас буынға латын жазуын меңгеру еш қиындық келтірмей ме?» деген сұрақтар қызу талқыланып, оқушылар өз пікірлерін ортаға салды.
Латын әліпбиіне көшу болашақтың еншісінде болса да, ұстаздар мен оқушылар қоғамда талқыланып жатқан мәселеге өздерінің құнды пікірлерін білдірді. Бұл ғылымға жақын, бәсекеге қабілетті болуға бастайтын үлкен қадамның бірі екені даусыз.

Ш.Искакова,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Комментарии закрыты.