Кезектен тыс сессия

Өткен аптада Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХVІ сессиясы өтті. Сессияның жұмысына қала басшысы Б.Шыңғысов, қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, 12 депутаттан 11 депутат қатысты.

Сессияға төрағалық еткен қалалық мәслихаттың хатшысы С.Имамбай күн тәртібіне шығарылған мәселелермен таныстырды.

Қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты деген 10 мәселенің біріншісі  –  «2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылдың 23 желтоқсанындағы ХХХІ сессиясының №385 шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде қалалық бюджеттік жоспарлау және экономика бөлімінің басшысы М.Баповтың есебі тыңдалды.

Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау,  қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуірдегі ХVІІІ сессиясының  № 220 шешіміне өзгерістер енгізу, қалалық мәслихаттың тексеру комиссиясын және оның аппаратын тарату туралы және тағы да басқа  қаралған мәселелер бойынша шешімдер шығарылды.

Сессияның күн тәртібіндегі соңғы мәселе қалалық мәслихаттың ХХХVІІ сессиясының төрағасын сайлау туралы болды.

Келесі өтетін сессияның төрайымы болып қалалық мәслихаттың депутаты А.Төледнина сайланды.

Сессия жұмысын қала әкімі Б.Шыңғысов қорытындылады.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.