Жаңа төраға сайланды

Өткен жетіде «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалының ІХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Базарбаев, қала әкімі Бауыржан Шыңғысов, қалалық мәслихаттың депуттатары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен патриялық-бастауыш ұйымдарының өкілдері, партия белсенділері қатысты. Жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.

Күн тәртібіне Саяси бюро кеңесінде қаралған үш мәселе шығарылды.

ІХ конференцияның мандат комиссиясының төрайымы А.Тлемісованың есебінен соң,  «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дәрібаев партия филиалының 2011 жылдың бірінші жарты жылдықтағы атқарған істер жөнінде баяндады. Баяндамашының айтуынша бүгінде партияның құрамында 2908 мүше бар, 13 бастауыш ұйымы  «Нұр Отан» ХДП-ның тұғырнамасын іске асыруда. Есептік кезеңде 1 рет есеп беру сайлау конференциясы, 3 рет Саяси бюро кеңесінің отырысы өткен. Сондай-ақ, партия жанынан құрылған қоғамдық қабылдауда азаматтардың 67 арыз-шағымы қаралған. Партиялық бақылау комиссиясының жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестің жұмысы да нақты жолға қойылған. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау үшін құрылған ақпараттық насихат тобының жұмысы да жүйелі.  Баяндамашы партия филиалы «Жас Отан» жастар қанатының бірігіп жұмыс атқарудағы белсенділігін ерекше атап өтті. Жоспарға сай 53 іс-шара өтіп, оған 22 мыңнан астам адам қатысқан.

Жарыссөзге қатысқан  депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаты И.Бралин мен №12 орта мектептің кітапханашысы, «Нұр ұя» партиялық-бастауыш ұйымның төрайымы  С.Ткачук өз бағыттарындағы жұмыстарға тоқталды.

Партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары А.Төлендина ІХ конференция жұмысының қаулы-жобасын ұсынып, есептік кезеңдегі атқарған жұмысты қанағаттанарлық деп жариялады.

Келесі кезекте Асқар Базарбаев Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалының бұрынғы төрағасы С.Медебаевтың қызметтен кетуіне байланысты «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалының төрағасы қызметіне қала әкімі Б.Шыңғысовты ұсынды. Бірауыздан сайланған жаңа төрағаны  А.Базарбаев құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

Б.Шыңғысов шығып сөйлеп, өзіне сенім білдірген нұротандықтарға алғысын айтты.

Конференцияның келесі бөлімі марапаттау рәсіміне ұласты. А.Базарбаев белсенді азаматтық ұстанымдары үшін, облыстың қоғамдық-саяси өміріне және Елбасы, «Нұр Отан» ХДП төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытын жүзеге асыру ісіне атсалысқаны үшін бір топ партия белсенділеріне Құрмет грамотасын тапсырды.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.