Жирен жаман әдеттен

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қазіргі таңдағы қоғамдағы ең өзекті мәселе. Осы келеңсіз құбылыс өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәбиесіне үлкен зиян әкелетіні сөзсіз. Ал, оған қарсы тұрар іс – жас жеткіншек бойында ұлттық патриотизм, өз Отанына деген сүйіспеншілік, қоғамдық тәртіпке жеке тұлғаның қасиетін дәріптеу. Осы бағытта №7 мектепте бірнеше іс-шаралар жүргізілді. Сыныптарда тәрбие сағаттары, пікірталастар өтті.

Өскелең ұрпақтың арасында жүріс-тұрыстың нормалары болуға тиіс. Олардың бойында азаматтық белсенділік ұстанымын, еліміздің дамуына жауапкершілік сезімін және сыбайлас жемқорлықты қабылдамауы мен оған төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында Қарағанды облысы мектептерінің 1 — 4 сынып оқушылары арасында Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орайластырып, «Адал және сатылмайтын еңбектің бейнесі» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыптарында өткізілген суреттер байқауында Алякбар Аяулым үздік суреттер авторы атанды.
Жемқорлыққа қарсы күрес әділетті, жан-жақты жүргізілуі керек. Заңды білмеу жауаптылықтан босатпайды, сондықтан ақша немесе сыйлық түріндегі заңсыз сыйақы алмау және ұсынбау өз еркімізде. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қауіпті дерт – сыбайлас жемқорлықпен көп болып күресуіміз керек.

Қарлығаш Қожахметова,
бастауыш сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.