Әдеп бойынша уәкілдің парақшасы пайда болды

Қарағанды облысында мемлекеттік қызметкер әдебі бойынша 20 уәкіл жұмыс атқарады. Олардың қызметін жетілдіру мәселелері облыс әкімі аппаратының жетекшісі Жанат Ысқақовтың төрағалығымен өткен жиналыс барысында талқыланды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Әдеп уәкілдерінің институты «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-ші қадамын жүзеге асыру шеңберінде енгізілген. Олардың басты мақсаты – мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның бұзылуының алдын алу болып табылады.
Облыс әкімдігінде қазан айында жеке дара әдеп бойынша уәкіл қызметі пайда болды. Қалалар мен аудандардың әкімдіктерінде бұл жұмыс басқарушы қызметкерлерге жүктеледі.
– Облыс бойынша 20 әдеп уәкілдері қызмет атқарады. Олардың сапалы құрамы келесідей: 7 әкім орынбасарлары, 9 аппарат жетекшілері, 4 әкім аппараты бөлімдерінің жетекшілері, – дейді Қарағанды облысы әкімі аппаратының әдеп бойынша уәкілі Сандуғаш Асылбекова.
Әдеп уәкілдері азаматтарды жеке қабылдаулар өткізеді. Олар мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын бақылайды. Сонымен қатар БАҚ-да мемлекеттік қызметкерлердің беделін төмендететін деректері бар материалдарды қадағалайды. Түсіндіру жұмыстарын өткізу үшін шоғырлы жиналыстар ұйымдастырады.
– Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлердің әдебіне қатысты 90-нан астам жеке және заңды тұлғалардан жолдаулар келіп түсті. Азаматтық қоғам және тұрғындармен анағұрлым тығыз байланыс орнату мақсатында Facebook әлеуметтік жүйесінде Қарағанды облысы әкімі аппаратының әдеп бойынша уәкілеттілігінің парақшасы құрылды. WhatsApp бойынша да үндеу тастауға болады, –деп мәлімдеді Сандуғаш Асылбекова.
– Анонимді сауалнама арқылы 20 облыстық басқармаларда қызмет әдебін сақтау нормаларына қатысты сараптама жүргізілді.
Осы сараптама негізінде мемлекеттік қызметкерлер арасында мәдени қарым-қатынасты жоғарылату бойынша шарттар құрылатын болады, – дейді ол.
Жиналыста Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ҚР Агенттігінің мемлекеттік қызмет департаменті саласындағы бақылау басқармасының жетекшісі Айдын Шахмерденов, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық қызметтер бөлімінің жетекшісі Бақтияр Әйешов, Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның штаб департаменті бастығы Динара Кәпенова баяндама жасады.
Бұл күні мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру Аймақтық орталығында әдеп бойынша уәкілеттілерге арналған семинар-тренинг өтті.

Комментарии закрыты.