«Тәуелсіздік – тұғырым»

Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде 4 «Д» және 4 «Е» сыныптары арасында интеллектуалды-танымдық сайыс өтті. Оған бастауыш сынып мұғалімдері Меруерт Қозыбава мен Сымбат Жараспаева мұрындық болды.

Оқушылардың өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, ата-баба аманатына адал болуға, бабалар рухын асқақтата білуге, танымдық қабілеттерін дамытуға тәрбиелеуді мақсат еткен сайыс өз дәрежесінде болды. Мұнда оқушылар «Білгенге – маржан», «Ойлан, тап», «Қазақстанның басты қалалары» және «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбындағы айналымдарда өз білімдері мен біліктерін ортаға салды.
Сайысқа қатысушы топтарды қазылар алқасы бірнеше критерий арқылы бағалап, нәтижесін шығарды. Сайыс соңында қазылар алқасы барлық оқушыларды құттықтап, интеллектуалды-танымдық сайыс өте жоғары деңгейде өткенін айтты.

Т.Прімова,
бастауыш сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.