Еріктілер байқауда бақ сынасты

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қаламыздағы «Асаба» мейрамханасында «Сәтбаев жастары» волонтерлық жүйесінің еріктілері арасында «Қысқы бал – 2017» байқауы өтті. Оған «Сәтбаев жастары» волонтерлік желісінің мүшелері қатысты. Балға кәсіби фотомодель, «Missis World Asia Beauty Kazakhstan 2017», екінші дәрежедегі әлем аруы Анастасия Бережная арнайы шақырылды.

Сәтбаев қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауға 3 кезең бойынша 9 жұп қатысып, өз бақтарын сынады. Барлық жұптар өз өнерлерін ортаға салып, соңынан әсем әуен ырғағында вальс биледі.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Арафат Мажитов пен Мерей Омарова иеленді. Ал, 1-орынды Марат Жолдаспаев пен Жибек Даурықпаева, 2-орынды Асылбек Абдымұрат пен Маржан Жаркенова жеңіп алса, 3-орын Рамазан Құрманалиев мен Айғаным Усембаеваға бұйырды. Өзге волонтерлар да белсене қатысқаны үшін марапалды.

Кешке қатысқан барлық волонтерларға жастар арасында қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастырып, еріктілер қозғалысын дамытуға үлес қосқаны үшін мадақтама қағаздары мен жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

Осы іс-шараның жоғарғы деңгейде өтуіне мүмкіндік жасаған және үнемі жастарға қолдау көрсететін «Асаба» мейрамханасының иесі Меруерт Мукаровнаға жастар ресурстық орталығының жетекшілері ерекше ризашылықтарын білдірді.

Өз тілшіміз.

Комментарии закрыты.