Жыл үздіктері анықталды

Жаңа жыл қарсаңында Ұлытау ауданының орталығындағы Мәдениет үйінде 2017 жылдың қорытынды кеші өтті. Жыл үздіктерін анықтаған кешке аудан өміріне белсенді атсалысып жүрген азаматтар мен еңбек ардагерлері қатысты.

Жиынды ашқан аудан әкімі Әнуар Омар жұртшылықты Жаңа жылмен құттықтап, 2017 жылы тынбай еңбек етіп, үздік шыққан әр сала қызметкерлеріне ауданның дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Жыл үздіктері анықталған кеште Ұлытау ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі мен айрықша еңбегі үшін Марғұлан Молдашев «Қоғамдық құрмет» номинациясымен марапатталса, Жамсап Әшенов «Ауданның белсенді ардагері» номинациясымен, Мұханбетовтер отбасы «Үлгілі отбасы» номинациясымен марапатталды.

Сондай-ақ, аталған кеште «Үздік кәсіпкер» номинациясын Рахымжан Молдыбаев, «Үздік коммуналдық сала қызметкері» номинациясын Болатбек Алтынбеков, «Үздік ауылшаруашылығы қызметкері» номинациясын Мұса Шманов, «Үздік спортшы» номинациясын Әлихан Әбдіқалық, «Үздік шаруа қожалығы иегері» номинациясын Бақытжан Айтуғанов, «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясын Жанат Мұханбетова, «Үздік ұстаз» номинациясын Нағима Сүлейменова, «Үздік мемлекеттік қызметкер» номинациясымен Ажар Иманғажы, «Үздік медицина саласы қызметкері» номинациясын Урал Мазитов, «Үздік полиция қызметкері» номинациясын Мәрлен Мұратов, «Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясын Алмаш Мағзұмова иеленді.

Комментарии закрыты.