ҮЗДІКТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Кәсіби мерекесін кеншілер биыл да көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Кеншілер сарайына жиналған «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің өндірісте өнеге көрсеткен үздік өкілдері құрметтеліп, лайықты сый-сияпат жасалды. Қазақтың ата-салтымен шашу шашылды.

Кеншілер қауымын Сәтбаев қаласының әкімі Бауыржан Шыңғысов қызу құттықтап, «Жомарт» кенішінің бұрғышысы Рахымжан Әлимановқа, «Степной» кенішінің кен тиеу-тасымалдау машинисі Мұрат Тоқтарбаевқа, электровозшылар — «Оңтүстіктен» Әмірхан Төлепбергеновке, «Шығыстан» Владимир Болдовскийге, «Батыстан» Әбіхан Әлменовке облыс әкімінің Құрмет грамотасын тапсырды.

Құттықтау кезегі келген «Қазақмыс» корпорациясының бас операциялық директоры Сергей Николаевич Дяченко басқарма төрағасы Эдуард Викторович Огайдың атынан Оңтүстік Жезқазған кенішінің проходкашысы Геннадий  Зинковскийге, Шығыс Жезқазған кенішінің кен тиеу-тасу машинасының жүргізушісі Бағдатбек Қаражановқа, Шығыс Жезқазған кенішінің бұрғышысы Анатолий Воробьевқа, «Степной» кенішінің «ТОРО» жүргізушісі Александр Щербаченкоға, Солтүстік Жезқазған кенішінің экскаваторшысы Қайрат Төлегеновке, жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасының кен көтеру жабдықтарын жөндеуші Юрий Ильинге, жерасты өздігінен жүретін жабдықтарына сервистік қызмет көрсету басқармасының кезекші электр-слесарі Анатолий  Аникинге, материалдық жабдықтау басқармасы бас маркшейдерінің орынбасары Ләззат Баймағамбетоваға, «Жомарт» кеніші кен тиеу-тасу машинасының жүргізушісі Қайыр Ерденовке Құрмет грамотасы мен ақшалай сыйлық тапсырып, өз атынан кен өндірісінің ардагерлері, Социалистік Еңбек Ерлері, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары — кезінде Оңтүстік Жезқазған кенішінің атын шығарған Ленин және «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері Демберген Баймағамбетов пен Арқа өңіріндегі алғашқы алып №55 шахтада шыңырауды шабытты еңбек күйіне бөлеген Федор Лукинскийге түрлі-түсті теледидар сыйлады.

«Нұр Отан» ХДП «Қазақмыс» компаниясы қасындағы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Балмағамбетов партияның Орталық аппараты атынан Батыс Жезқазған кенішінің кен шебері Мұхтар Махамбетовтің, «Жезқазғантүстімет» ӨБ әлеуметтік мәселелер жөніндегі директоры Тоғызбай Тәжбеновтің, Оңтүстік Жезқазған кенішінің бөлім бастығы Мұса Тілеуовтің, «Жомарт» кенішінің бригадирі Қайыркен Шәмкеновтің омырауына «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін тағып, партияның бірнеше мүшесін Құрмет грамотасымен марапаттады.

«Жезқазғантүстімет» ӨБ өндіріс жөніндегі директоры Талғат Мағзұмов пен «Қазақмыс» корпорациясы аймақтық кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Сергей Тысевич те құр қол келмепті. «Жезқазғантүстімет» ӨБ бас директорының Құрмет грамотасы мен бағалы сыйлықтарын рудалы емес материалдар тау-кен кәсіпорнының кен шебері Абай Бименов, өздігінен жүретін жерасты жабдықтарына сервистік қызмет көрсету басқармасының электрмен-газбен дәнекерлеушісі Петр Яковчук, жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасының электрмен-газбен дәнекерлеушісі Наиль Насибуллин, «Степной» кенішінің проходкашысы Саят Әшірбеков, «Жомарт» кенішінің бұрғышы көмекшісі Жолдыбек Кенжалин, Батыс Жезқазған кенішінің жол жұмысшысы Борис Ни, Солтүстік Жезқазған кенішінің учаске бастығы Әлия Жанқасқанова; ҚР Кен-металлургия жұмысшылары кәсіподағы Орталық кеңесінің Құрмет грамотасын Шығыс Жезқазған кенішінің проходкашысы Айтқали Жайсаңбаев, Оңтүстік Жезқазған кенішінің «Катерпиллар» жүргізушісі Михаил Пак, Анненск және «Степной» кеніштерінің кен тиеу-тасу машинасының жүргізушілері Вячеслав Войцеховский мен Бақытжан Ертуғанов, Батыс Жезқазған кенішінің бригадирі Жеңіс Досжанов иеленді. Екінші дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісімен марапатталған «Степной» кенішінің бұрғышысы Рамазан Жүнісов пен «Жомарт» кенішінің бұрғышылар бригадирі Валерий Утаевқа, үшінші дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісімен марапатталған бұрғышылар — «Жомарт» кенішінен Медет Махатовқа, Солтүстік Жезқазған кенішінен Мұрат Сембековке, Оңтүстік Жезқазған кенішінен Бақытжан Ысмағұловқа, Батыс Жезқазған кенішінен Валерий Зелинскийге, Шығыс Жезқазған кенішінің проходкашысы Еркін Құдышевке көпшілік қошамет көрсетті.

Кеншілер атынан сөз алған Оңтүстік Жезқазған кенішінің кен тиеу-тасымалдау машинасының жүргізушісі Талғат Жалмурзинов пен Анненск кеніші учаске бастығының орынбасары Виктор Остапенко әріптестеріне жер бетінде ашық аспан, жер астында берік төбе тілеп, осындай салтанатты ұйымдастырып отырған компания мен өндірістік бірлестік басшыларына алғыс айтты.

Жергілікті өнерпаздар және алыстан арнайы келген Қазақстан эстрадасының жұлдыздары — Алмас Кішкенбаев пен «Индиго» тобы өз өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, өнер мектебінің домбырашылар дуэті жиналған жамиғатты шынайы талантымен тәнті етті. Ал, ерлі-зайыпты Ақбөпе мен Мұрат Сейтеновтердің «Сарыарқа-Жезқазған» авторлық әні көпшілікке кеншілердің әнұранындай әсер етті.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Комментарии закрыты.