Қала әкімі ерекше балаларды құттықтады

Шаһар басшысы жаңа жыл қарсаңында көмекке зәру балаларды құттықтады. Асқар Ыдырысов мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандардың үйлеріне арнайы барып, тәтті сыйлықтар таратты.

Өткен аптаның сенбісінде Асқар Абылайұлы бірқатар бөлім басшыларымен бірге балалардың тұрғылықты мекен-жайларын аралады. Денсаулығы дімкәс жандардың жағдайын сұрай кірген қала басшысы құттықтау қағазы мен ақшалай сыйлықты өз қолдарына берді. Жаңа жыл кейіпкерлері, сый-қоржын асынған Аяз Ата мен шат көңілді Ақшақар бүлдіршіндердің көңілін бір сәтке болса да көтеруге тырысты. Тәттілер тарту етті. Балалардың отбасы мүшелеріне де сыйлықтар үлестірді.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.
Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.