Елбасы АҚШ Президентімен кездеседі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қаңтарда АҚШ-та Дональд Трамппен кездеседі, деп хабарлайды Today.kz.

«Қазақстан Президенті биылғы жылы 16-18 қаңтарда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барады. Онда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы сапар аясында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2017 жылдың 1 қыркүйегінде Дональд Трамп телефон арқылы Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға шақырған еді.

Комментарии закрыты.