Әдістемелік шеберлікті көтерудің бір құралы

Абай атындағы №4 мектеп-лицейде мектеп директоры Гүлмира Жаппасованың қатысуымен «Сабақты талдау – мұғалімнің әдістемелік шеберлігін көтеру құралы» тақырыбында жас ұстаздар арасында мектепішілік семинар өтті.

Бұл іс-шараны директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары – Г.Қышамбаева, Ж.Амзеева, әдістемелік бірлестіктің жетекшісі – Г.Альгожина және мектеп психологы К.Нургалиева өткізді.
Аталған семинардың мақсаты жас ұстаздарды сабақты талдаудың бірнеше түрлерімен таныстыру, педагогикалық сабақ талдаудың сапасын көтеру жолдарын табу және сабақ талдау нәтижелерін мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында пайдалану болды.
Мектеп психологы Кенжекүл Нургалиева «Табиғат мінезі» атты психологиялық тренингпен жұмысты бастап, жас ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әрі қарай семинарға қатысушыларға «Сабақты талдау не үшін қажет?», «Сабақты талдау мұғалімге не береді?» секілді сұрақтар қойылып, мұғалімдердің ойлары тыңдалды. Жас ұстаздарға кәсіби педагогикалық шеберлікті жетілдіретін ұтымды құралдары және сабақты талдаудың мақсаттары туралы айтылды.
Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Г.Альгожина мұғалімдерді топқа бөліп, өзін-өзі талдауға қойылатын жалпы талаптарды атап өтті. Сонымен қатар, «Мұғалімнің өз сабағын талдауы» тақырыбында постер қорғалып, әр топтағы ұстаздар бір-бірлерінің ойларымен бөлісті.
Семинар соңында мектеп директоры Г.Жаппасова семинар жоғары деңгейде өткенін айтып, жас ұстаздарға бір-бірінің сабақтарына жиі қатысып, білімдерімен алмасуға, осындай семинарлар жиірек болып тұруына ұсыныс тастады.

Т.ПРИМОВА,
бастауыш сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.